Өрттің себебі анықталып жатыр
Таразда бес қабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 5 тұрғынды баспалдақ арқылы эвакуациялады.
«Тұрмыстық заттардың жануы 20 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.