Алматыда хирургтар науқас денесінен 30 келі ісікті алып шықты (ФОТО)

Автор: Молдатай Сымбат

Операция сәтті өтті

Фото: Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты

Алматыда хирургтар бірегей операция жасады - 65 жастағы әйелдің ішінен 30 келі алып ісік жойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының хабарлауынша, операция 2 сағатқа созылды.

«Хирургтар жыл сайын осындай жағдайларға тап болады, бірақ мұндай мөлшердегі ісік, тіпті, АҚШ, Еуропа және ТМД елдерінің онкологиялық клиникаларында сирек кездеседі», - деп хабарлады операция өткен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің халі жақсы.