Тапшылық көлемі – 350 мың тонна
Қазақстанда авиакеросин тапшылығы жылына 350 мың тоннаны құрайды. Бұл туралы ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тапшылық болған және бар. Жылына 600-650 мың тонна отандық авиакеросин өндіріледі, алайда қажеттік миллион тоннадан асады. Яғни, қазіргі тапшылық көлемі шамамен 350 мың тонна. Ол импорт есебінен шешіледі», - деп түсіндірді вице-министр БАҚ-қа арналған брифингте.