EXPO-2020 халықаралық көрмесі келесі жылға ауыстырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл шешімге пандемия әсер етті

Expo 2020 Дубайда 2020 жылдың 20 қазанынан 2021 жылдың 20 сәуіріне дейін өтеді деп жоспарланған еді. Енді көрмені ұйымдастырушылар БАӘ билігі мен халықаралық қатысушылардың өтініші бойынша коронавирус пандемиясына байланысты іс-шараны 2021 жылдың қазан айынан 2022 жылдың 21 наурызына дейін өткізуге шешім қабылдады, деп жазады «Интерфакс».

 Көрме 11 миллионға жуық келушілерді күтеді. Бүкіләлемдік ЭКСПО - ғаламдық көрме орны, оған қатысушы елдер көптеген жылдар бойына өндірістік, ғылыми, техникалық және гуманитарлық жетістіктерін ұсынады.

 «Әлемдік деңгейдегі іс-шара осы жылдың 20 қазанында ашылуы керек еді. Көрмені келесі жылға көшіру шешімі Біріккен Араб Әмірліктері билігінің  өтініші бойынша қабылданды. Оған коронавирус пандемиясының әлем елдерінде жаппай таралуы себеп болып отыр», -делінген хабарламада.

Бұған дейін бірнеше маңызды деген еуропалық және әлемдік спорт сайыстары, оның ішінде футбол, кинофестивальдер, әлемдік концерттік турлар кейінге шегерілді.  Жуырда Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындарының күнін белгілейтіні туралы хабарланды.