Ол өзінің кінәсін мойындады
Сот синтетикалық есірткі затын таратқан 24 жастағы қызылордалыққа үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2024 жылдың ақпан айында жас жігіт мөлтек ауданның бірінде ұсталды.
«Жүргізілген жедел шаралар басырында күдіктіден 13,53 грамм психотроптық заттар алынған, бұл үлкен мөлшердегі синтетикалық препараттарға жатады. Ұсталған жас жігіттің айтуынша, ол мобильді қосымша арқылы тапсырыс қабылдап, синтетиканы қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырған», - деп хабарлады ПД.
Сотта айыпталушы өзінің кінәсін мойындады. Ол 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.