Автобустар бір-біріне соғылған
Жол апатынан 10 адам қаза тауып, тағы 37 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында кем дегенде 10 адам қайтыс болды, тағы 37 адам апаттан зардап шекті.
Жергілікті полиция хабарлағандай, оқиға Буландшахр ауданындағы Бадаун-Мрут мемлекеттік тас жолында болған, микроавтобус қарсы бағытта келе жатқан автобуспен маңдайына соқтығысқан.
Қаза тапқандардың барлығы 20-ға жуық адам отырған шағын автобустың жолаушылары болған.