Алматы облысында экскаватор жүргізушісімен бірге өзенге құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жүргізуші жауын-шашынның салдарынан көлікті басқара алмай қалған

Бейнеден кадр

Алматы облысында экскаватор жүргізушісі құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Райымбек ауданында қатты жауын-шашынның салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, экскаватордың жолдан өзенге аударылуына жол берді.

Құтқарушылар ер адамға саты беріп, жоғары көтерілуге көмектесті. 1972 жылы туған зардап шегушіге медициналық көмек қажет болмады.