Талдықорғанда арнайы орталықтағы балаларды азаптау фактілері бойынша тергеу басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шекті деген жас бала бұл бейімдеу орталығында өзінің әпкесімен бір ай уақыт болған

Фото: instagram.com/ermek_moldakul

Талдықорғанда жергілікті кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында балаларды үтікпен күйдіріп, азаптады деген ақпарат тарады. Аталған оқиға бойынша полицияға арыз түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орталықтағы балалардың азапталуы туралы арыз бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады.

Талдықорғандық әйел апелляциялық шағымына 9 жасар әпкесімен бірге Талдықорғандағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында екі айға жуық жатқан 7 жасар баланың денесін күйік шалған фотосуреттерді қоса берген. Ол балаларды мекеменің тәрбиешілері азаптады деп отыр.

Осы оқиғаға байланысты бүгін  Жетісу облысындағы кәмелетке толмағандардың құқы бойынша өкілетті уәкіл Ермек Егінбаев Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барды.

«Зардап шекті деген жас бала бұл бейімдеу орталығында өзінің әпкесімен бір ай уақыт болған. Жақын күндерде анасының қайтыс болуына байланысты тиісті құжаттар опека ұйымдарымен рәсімделіп, жас балалар өз апасына табысталды. Қазіргі уақытта Талдықорған қалалық полиция басқармасы анықтау амалдарын өткізуде. Балалардың құқының сақталуы және оларға қатысты іс шаралар бақылауға алынды», - деп жазды ол желідегі парақшасында.