Ол қылмыстық істі тоқтатуға уәде берген
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты алаяқтық және лауазымды тұлғаға пара беруге азғырған жалған адвокатты соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот үкімімен ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ «К» есімді азамат қылмыстық істі тоқтатуға жәрдем беремін деп, күдіктінің туысын лауазымды тұлғаға пара беруге азғырған. Күдіктінің туысы адвокаттың құқыққа қайшы әрекетін түсініп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген», - деп хабарлады прокуратура.
Жедел іс-шаралар жүргізу барысында «K» азамат 10 млн теңге көлемінде қаражат алу кезінде ұсталды.
Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтарға алаяқтардан аса сақ болуды ескертеді.