Олар жолда қалып қойған
Тәжікстан-РФ бағытымен келе жатқан автокөлік Ақтөбе облысындағы тас жолда бұзылып қалды. Оның ішінде 5 адам болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ қызметкерлері жолда қалған жолаушыларға көмек берді.
«5 адамның үшеуі – бала. Олардың барлығы Ресей Федерациясының азаматтары», - деп жазды ТЖМ.
ТЖМ құтқарушылары оларды жақын арадағы кемпингке эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.