Ертісті нәжіс басып кеткен видео тарады

Автор: Аягөз Құрмаш

Жазба өзеннің Семей тарапынан ағатын сағасында түсірілген

Фото: видеодан скриншот

Ертісте қайықпен жүрген тұрғындар оны нәжіс басып кеткенін айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Міне, қараңдар, үлкен дәрет, нәжіс қаптаған. Семейде не болып жатыр», - дейді видеоны түсіргендер.

Тұрғындардың басым бөлігі Ертіске сол үшін 10 жылдан бері шомылмай келе жатқандарын айтқан.

«Осы үшін мен өзім де, балаларыма да өзенге түсуге рұқсат бермеймін. Демек, кәріздің барлығы Ертіске барып құяды деген сөз. 2012 жылдан бастап Семейдің қоғамдық ұйымдары дабыл қағып жатыр. Аймақ экологиялық апаттың алдында тұр. Ертіске тонна тұрмыстық қалдықтар төгілуі мүмкін», - деп жазған олар.

Тегтер: