Шымкентте көлік жүргізушісі жас қызды қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Апат салдарынан 20 жастағы қыз оқиға орнында қайтыс болды

Видеодан алынған кадр

Шымкент қаласының «Тараз» шағын ауданындағы Жәнібеков көшесінде ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жас қызды қағып кеткен.

Апат салдарынан 20 жастағы қыз оқиға орнында қайтыс болды. 

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жол-көлік оқиғасының барлық жағдайларын анықтайды.

Тұрғындар бұл жерде жол-көлік оқиғаларының жиі болып тұратынына шағымдануда. Жол екі үлкен трассаны байланыстырады және бұл көшеде көп көліктер жоғары жылдамдықпен қозғалады.