Бір адам зардап шекті
Алматыда троллейбус аялдамаға соғылды. Бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласы Алмалы ауданында болды. Троллейбус Сейфуллин даңғылымен жүріп келе жатып, аялдамаға соғысты.
«Апат салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алды. Алмалы аудандық полиция басқармасы оқиғаның мән-жайын тексереді», - деп хабарлады Алматы ПД.
Апатты өтіп бара жатқан адамдар видеоға түсіріп алды.