СҚО-да 48 үлескерді алдаған құрылыс компаниясының басшылары сотталды

Автор: Молдатай Сымбат

Олар 400 миллион теңгені жымқырған

Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында салымшыларды алдаған құрылыс фирмасының басшылары сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алаяқ компания басшылары 48 тұрғыннан 400 миллион теңге алған. Бірақ іс жүзінде олар ақшаны құрылысқа қатысы жоқ қажеттіліктерге жұмсаған.

Бұл әрекеті үшін 2 адам 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Апелляцияда облыс прокуратурасы алданған азаматтардың талаптарын қолдап, соттың қаулысымен олардың мүдделері талаптарын қанағаттандыру арқылы қорғалды», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.