Таяуда жауған бұршақ көліктердің терезесін тесіп кеткен болатын
Қазгидромет синоптиктерінің болжамынша, 15 тамыз елордада бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Күндіз +21, +23 градус жылы, түнде ауа температурасы +13, +15 градусқа дейін төмендейді. Күн бұлтты болып, жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, дауыл тұрады», - делінген хабарламада.
Еске салайық, бір апта бұрын Астанаға баланың жұдырығындай бұршақ жауған. Көпшілік көшеде қалған көліктерінің терезесі тесіліп, зақым келгенін видеоға түсіріп көрсетіп жатты.