«Іш киімін шешкен»: Ақмола облысында 22 жастағы жігіт 6 жасар қызды зорлаған

Автор: Молдатай Сымбат

Күдікті ұсталды

Фото: istockphoto.com

13 тамызда Ақмола облысының Целиноград ауданында сұмдық жағдай орын алды. Алты жастағы қызды ер адам зорлаған болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіден белгілі болғаны, ер адам 6 жастағы қызды құрылысы аяқталмаған үйге кіргізіп, іш киімін шешкен.

Полицияның хабарлауынша, ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі «зорлау» бойынша тергеу басталды.

«Сотқа дейінгі тергеу 120-бап, 4-бап бойынша жүргізілуде. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шеңберінде сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп жауап берді Ақмола облысы ПД.

Белгілі болғаны, ұсталған ер адам – 2002 жылы туған Астана қаласының тұрғыны.