Әділет министрлігі Салтанат Нүкенованың құрметіне арналған қорды тағы да тіркемей қойды

Автор: Темірхан Айжан

Қордың құжаты осымен бесінші рет қабылданбаған

Фото: @aitym

Белсенді Айтбек Амангелді зорлық-зомбылық көрген әйелдерге қолдау көрсететін қордың тағы да тіркеуден өтпегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мінекей, қорды тіркеуден бесінші рет бас тартып отыр. Жарлықтағы «Қордың мақсаттарына сәйкес келетін және қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері» деген №9 тармағы қорды тіркеуге қандай кедергісін келтіріп отыр, соны түсінбеймін. Бүгін осы тармақты алып тастап, алтыншы рет өтініш бердім. Енді 5 күн жауабын күту керек», - деп жазды ол.

Еске салайық, марқұм Салтанат Нүкенова өзінің жұбайы, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапты. Бишімбаев 24 жылға сотталып, Аршалы түрмесіне жіберілді.