Балқаш көлінің жағасында пневматикалық қарумен жүрген Теміртау тұрғыны ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол мұндай әрекетінің себебін түсіндірді

Видеодан алынған кадр

Теміртау қаласының 42 жастағы тұрғыны отбасымен бірге Балқаш көліне демалуға келіп, жағажайда пневматикалық қарумен қаңылтыр банкілеріне атуға дайындалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ПАТРИОТ телеграм каналына сілтеме жасап.

Жағалау аймағын патрульдеген полиция қызметкерлері ер адамның қолындағы қаруды байқап, оны бірден ұстады. Демалушы өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

«Мен отбасыммен Балқашқа демалуға келдім. Жағажайға пневматикалық қару алып барып, нысанаға атуға ниеттендім. Бұл ойланбай жасаған қадамым еді. Өкінемін. Мұндай жағдай қайталанбайды», – деді Теміртау тұрғыны.