Италияда алып тасбақа жағаға қалқып шықты (ФОТО)

Автор: Молдатай Сымбат

Оның неден өліп қалғаны зерттеліп жатыр

Фото: Bild

Италиядағы Виареджо қаласының жағалауына алып тасбақа қалқып шықты. Ол өліп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл – қазір тіршілікте бар ең алып тасбақа түрі (Dermochelys coriacea). Олар, әдетте, тропикалық және субтропикалық теңізде өмір сүреді. Салмағы 300 кг болатын өлі тасбақаны сүңгуірлер кран арқылы тартып, жағаға шығарды. Қазір оның неден өлгені тексеріліп жатыр.

2023 жылдың қыркүйегінде дәл осындай алып тасбақа Германия жағалауынан табылған. Ол полиэтилен пакетін жеп қойғандықтан, өліп қалғаны анықталған еді.

Тегтер: