Түркістан облысындағы өрт: жүргізуші жарақат алып, көлік жанып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жүргізуші өртті өзі сөндірмек болған

Видеодан алынған кадр

Түркістан облысы Сайрам ауданында шөп тиелген жүк көлігін өрттен құтқаруға тырысқан жүргізуші қолын күйдіріп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Жүргізуші өртті өзі сөндірмек болғанда, көлік толықтай жанып кетті.

Өрт сөндіру қызметін кешігуі өрттің өршіп, көліктің толығымен жойылуына себеп болды.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өз өмірлеріне және мүліктеріне қауіп төндірмеуге шақырады.

Өрт болған жағдайда, дереу 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.