Жұмыстардың көлемін және қалпына келтіру мерзімдерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды
10 тамыз күні аймақта қатты жел тіркеліп, екпіні секундына 25 метрге дейін жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Қатты желге байланысты Шемонаиха ауданында орналасқан арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қазандықтың мұржасы майысып қалды.
Оқиға орнына ШҚО ТЖД өкілдері, энергетика басқармасы, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы келіп жетті.
Жұмыстардың көлемін және қалпына келтіру мерзімдерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.