Алакөлдегі демалыс аймағынан өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің себебі анықталуда

Фото: t.me/qr_tjm

Жетісу облысының өрт сөндірушілері демалыс аймағындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағының аумағында демалыс үйінде өрт орын алды.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында өрт толығымен 400 ш.м. алаңда сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.