Шымкентте базар өртенді: зардап шеккендер бар ма

Автор: Молдатай Сымбат

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Фото: видеодан скриншот

Шымкент қаласындағы Тұран ауданында орналасқан базарда бүгін өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өрттің неден шыққаны белгісіз.

«Сағат 12:30-да өрт оқшауланды, зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге ТЖД, ПД, ЖМКБ, ЖАО жеке құрамынан 140-қа жуық адам, 50 бірлік техника жұмылдырылды», - деп жазды ТЖМ.

500 шаршы метр аумақ жанып кетті.