Бұл туралы Астананың полиция департаменті ақпарат берді
8 тамызда Астанада жүк тиеген фура ЛРТ бағанына соғылды. Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға салдарынан үш жаяу жүргінші зардап шеккенін растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апаты Қабанбай батыр мен Ұлы дала көшелерінің қиылысында орын алған
«Жүк көлігінің жүргізушісі арнайы техниканы есептей алмай, ЛРТ бағанына соғылды. Жапа шеккен үш жаяу жүргінші жолдың жиегінде тұрған», - деді Астана қаласының полиция департаменті.
Зардап шеккендер ауруханаға түскен. Қазір оқиға бойынша тексеру жүріп жатыр.