Бір тәулікте 18 тонна шөп өртенді – ТЖМ

Автор: Молдатай Сымбат

3 өңірде жиналған шөп өртенді

Фото: ТЖМ

Өткен тәулікте 3 өңірде – Алматы облысы, БҚО және Қостанайда жиналған шөп жануы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар:

  • Кемертоған ауылы, Қарасай ауданы, Алматы облысы - ашық аумақта 250 ш. м. жалпы алаңда орам шөп (шамамен 18 тонна) өртенді;
  • Зеленый кенті, Бәйтерек ауданы, Батыс Қазақстан облысы - жеке аулада 275 ш. м. жалпы алаңда орам шөп (шамамен 200 орам) пен мал ұстауға арналған шаруашылық құрылыс өрттенді;
  • Заречное ауылы, Қостанай ауданы, Қостанай облысы - жеке аулада жалпы алаңы 40 ш. м. шаруашылық құрылыс және оралған шөп (20 кг-нан 250 бума) жанды.

Өрт барлық жерде сөндірілді.

Осы ретте, ТЖМ шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.