«Он үш өндірістік жарақат фактісі жасырылған»: дәрігерлер жазаланды

Автор: Azattyq Rýhy

Атырау облысы прокуратурасы заң бұзушылықты анықтады

Фото: freepik.com

Атырау облысында медициналық ұйымның қызметкерлері 13 өндірістік жарақат фактісін жасырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Аталған фактілер бойынша жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін анықтау үшін міндетті тергеулер қамтамасыз етілмеген. Өз кезегінде жәбірленушілер өздеріне тиесілі өтемақы алу құқығынан айрылды», - деп хабарлады прокуратура.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде Мақат аудандық ауруханасы ҚР ӘҚБтК-нің 96-бабының 1-бөлігімен (Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.