Антикор өкілі жауап берді
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров ұсталған «Ақжайық» футбол клубының бұрынғы директоры Азамат Шайхының ісі туралы деректерді айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ол Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» «Ақжайық» ЖШС-не Artsport бағдарламасы бойынша бөлген 57 млн теңге бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - деді Данияр Бегайдаров брифингте.
Естеріңізге сала кетейік, 1 тамызда «Ақжайық» футбол клубының бұрынғы директоры ұсталғаны белгілі болды. Осыдан бір апта бұрын Азамат Шайхы «Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы қызметінен кетті.