Үлкен Алматы шатқалында ер адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

66 жастағы ер адам тауға жалғыз шыққан

Фото: РЖҚЖ

Үлкен Алматы шатқалының тауларында 66 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1958 жылғы ер адам тауға жалғыз шыққан.

«Кейіннен келіскен уақытында байланысқа шықпағандықтан, туыстары құтқарушыларды шақырды. РЖҚЖ жедел тобы ер адамның денесін Үлкен Алматы көлінен төмен орналасқан төбелерден тауып, алаңға түсіріп полиция қызметкерлеріне тапсырды», - деп хабарлайды РЖҚЖ баспасөз қызметі.