Ол изоляторға қамалды
Алматы облысы Қонаев қаласына жақын маңдағы Арна ауылында ер адам тұрақты түрде балаларды жинап, жыныс мүшесін көрсеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Балалардың өздері оны видеоға түсіріп, ата-аналарына көрсеткен.
Алматы облысының полиция департаменті ер адам 52 жаста екенін хабарлады.
«Қазіргі уақытта оған қатысты кәмелетке толмағандарды азғыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайын, толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін тергеу басталды. Ұсталған адам уақытша тергеу изоляторына қамалды», - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.