Алматы облысында 30-35 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Әзірге оның кім екені анықталған жоқ

Фото: istockphoto.com

7 тамызға қараған түні Алматы облысында ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде қайғылы оқиға Өтеген Батыр кентінде болғаны туралы жазылған. Мәйіт 30-35 жастағы ер адамға тиесілі. Ерекше белгісі – ұзын шашты.

«Полиция мен жедел жәрдем өте тез келді, тез жұмыс жасады, мәйіт мәйітханаға жеткізілді», - делінген жазбада.

Бұл оқиғаға қатысты Алматы облысы ПД түсініктеме берді.

«Қазір жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.

Өтеген Батыр кенті Алматыдан солтүстікке қарай 3 шақырым жерде – Іле ауданында орналасқан.