Air Astana рейсіне отырарда жанжал шығарған 20 жастағы қыз алкоголь тұтынған

Автор: Azattyq Rýhy

Жолаушыға қатысты сот үкім шығарды

Фото: freepik.com

Алматыда сот Air Astana рейсіне отырарда жанжал шығарған 20 жастағы қызға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот шешімімен, ол 36 920 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Тағайындалған сараптама қорытындысы бойынша, қыздың алкоголь ішкені расталды.

Айта кетерлігі, бұған дейін ол қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін жауапқа тартылған екен. 1 жыл ішінде қайталап тұрған құқық бұзушылығы үшін 36 920 теңге айыппұл белгіленді.

Еске салайық, 26 шілдеде қыздың көзі қызарып тұрған соң борт экипажы «мас» деген күдікпен оны ұшаққа кіргізуден бас тартқан. Бортсеріктердің айтуынша, қыз атын атағанда жауап бермей, сұрақтарға баяу жауап қатқан. Оның үстінен алкоголь иісі шығып тұрған. Алайда, қыз жанжал шығарған.