Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды
Түркістан облысында автобус пен мотоцикл соғысты. Салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Видеодан жол жиегінен жүріс бөлігіне шыққан мотоциклді автобустың қағып кеткенін көруге болады.
Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Сарыағаш ауданы полиция бөлімінде жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамына тоқтамай спорттық мотоциклмен соғысқан. Салдарынан 37 жастағы мотоциклші қайтыс болды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді полиция.
Тексеру кезінде жүргізушінің байсалды күйде екендігі анықталды. Оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.