Павлодарда қоқыс таситын жүк көлігі аударылып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Осы іс бойынша полиция іс қозғады

Фото: astanatv.kz

Павлодарда қоқыс таситын жүк көлігі аударылып қалды. Оқыс оқиға Малайсары көшесінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

Полиция департаменті таратқан ақпарат бойынша көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың ортасында аударылған.

 Салдарынан жүргізуші медициналық көмекке жүгінді.

Осы іс бойынша полиция іс қозғады.