Таразда бір жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖМ ата-аналарға ескерту жасады

Фото: depositphotos.com

Таразда бір жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүлдіршіннің қазіпгі жағдайы туралы әзірге ақпарат берілген жоқ.

Бұған дейін Астанада да бір жасар баланың екінші қабаттан құлап кеткенін хабарлағанбыз.

Осы оқиғаға байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жасады.

«Құрметті ата-аналар ТЖМ ескертеді: кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз, москит торлары құлаудан қорғамайды, балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз»,-делінген хабарламада.