Формадағы полицейлерге далада жаттығу жасатқан «бастық» кім (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Оқиға Жамбыл облысында болған

Әлеуметтік желіде бір топ форма киген полицейдің қызметтік киімі жоқ адамның тапсырмасын орындап, жаттығу жасағаны жұртты алаңдатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Видеода ер адам полиция қызметкерлеріне арнайы жабдықталмаған жерде жаттығу істеткен. 

Бұл Жамбыл облыстық полиция бастығының бірінші орынбасары Құрмет Қажыкенов деп болжанып отыр.

Осыған дейін Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин қызметкерлерін жиналыста балағаттап жатқан видеосы тарап кеткен еді. Видеоның таралуына байланысты оның қызметі шектеліп, Ішкі істер министрінің тапсырмасымен қызметтік тексеріс тағайындалған еді.

Бұл оқиға бойынша Azattyq Rýhy тілшісі Ішкі істер министрлігіне сұрау жолдады.