03.05.2020 ж. сағат 11:20-дағы мәлімет
Вирусты жұқтырған адамдардың үшеуі 1971, 1973 және 2016 жылдары туған Қызылорда қаласының тұрғындары және біреуі 1977 жылғы Жаңақорған ауданының тұрғыны, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Аталған азаматтардың біреуінен ПТР сынамалары Нұр-Сұлтан қаласынан келуіне байланысты алынса, қалған 3 адамнан коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған. Диагностикалық зерттеу қорытындысы олардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда олар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр. Ауру ошағында індетке қарсы іс-шаралар атқарылып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.
03.05.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 214 адам тіркелген, оның ішінде емделіп шыққандар саны — 127, ем қабылдап жатқандар саны — 87.