Құтқарушылар мәйіттерді полицияға тапсырды
Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында екі жігіт даладағы әжетханаға құлап, улы газға тұншығып мерт болды. Бұл туралы Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйіттерді шығарып, полицияға тапсырды.
«Ешқашан ашық дәретханаға немесе шұңқырға түсіп кеткен бағалы заттарыңызды алуға өзіңіз түспеңіз. Бұл сондағы газдан улану және тұншығу қауіпіне байланысты өмірге қауіп төндіреді. Қажет болса, құтқару қызметіне хабарласыңыз», - деп ескертеді РЖҚЖ баспасөз қызметі.