Ақтөбе облысында бір отбасының төрт адамы суға батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Суға кеткен балалардың жасы 13, 11 және 7-де болған

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысында бір отбасының төрт адамы суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 3 тамызда Әйтеке би ауданы Жүргенов ауылында орын алған.

Ырғыз өзенінде бірден 4 адам суға батып кетті: 13,11 және 7 жастағы балалар, сондай-ақ оларды құтқаруға тырысқан 39 жастағы ер адам. Ер адам өзінің балалары мен туысын құтқаруға тырысқан.

ТЖД балалар ата-аналарымен бірге болғанын айтты.

Мәйіттерді іздеумен құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті тұрғындар айналысып, оларды судан шығарды.

ТЖД тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.