01.08.2024, 15:20
Оқиғалар
Қазақтың танымал қолөнер шебері Бақыт Кеңшілікұлы өмірден өтті
Ол 15 тамыз күні 58 жасқа толар еді
Фото: мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстандағы атақты қолөнер шебері, үш мыңнан астам аспап жасаған Бақыт Кеңшілікұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаралы хабарды мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратты.
«Бақыт Кеңшілікұлы – ағаш технологы, ұлттық аспап жасайтын шебер. Ол 1966 жылы 15 тамызда Моңғол Халық Республикасының Баян-Өлгей өлкесінде дүниеге келген. 1995 жылы атажұртқа қоныс аударып, содан бері Өскемен қаласында тұрды», - деп хабарлайды дереккөз.
Көзі тірісінде шебердің қолынан үш мыңнан астам аспап шыққан.
Көп оқылған
04.09.2026, 09:48
Күні бойы ішімдік ішкен: әжесінің қарауында қалған бүлдіршін өрттен көз жұмды (ВИДЕО)
04.09.2026, 12:42
Мойнына қалың сым орап, мәйітін каналға тастаған: Қызылордада қылмыскер 20 жылға сотталды
04.09.2026, 20:18
Түнде -2°C-қа дейін үсік, жаңбыр мен найзағай: 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы