Көпшілік бұл әрекетті мақтаншақтық деп атаған
Әлеуметтік желіде беташар кезінде күйеу жігіттің ағасы 10 мыңдықтан құралған 1 млн теңгені санап салғаны үшін сынның астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоға пікір жазғандар жігіттің әрекеті нағыз дарақылық деп таныған.
«Оян, қазақ! Біз осылай ақшаны тойға шашқанда, өзгелер бизнес ашып, бізден озып жатыр. Ақша көп болса, зауыт, фабрика салыңдар! Дарақылық! Бумасымен салса болмай ма? Қазақ мақтаншақ болып кетті. Жеке өзіне беруі керек. Жақсылықты жария салмайды», - деп жазған олар.