Оны соңғы рет жұмыс орнында көрген
Қарағанды облысының полиция департаменті 1960 жылы туған, «Найдоровское» ЖШС мекемесінде күзетші болып істейтін Касьянов Константин Ивановичті іздестіруде. Ол жұмыс орнынан жоғалып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облысының полиция департаменті Осакаров ауданының Топан ауылы маңындағы «Найдоровское» ЖШС техникасын күзетіп кезекшілігінде, 2024 жылдың 25 маусымы сағат 20:00 мен 26 маусымы сағат 08:00 аралығында жоғалып кеткен Касьянов Константин Ивановичтің орналасқан жерін анықтап жатыр. Қазіргі уақытқа дейін жоғалған адам үйіне қайтып келмеген, оның қайда екені белгісіз.
Үстінде: қара түсті былғары күртке, камуфляж түсті трико, сұр түсті футболка, аяғында көк түсті резеңке аяқ киімі бар
Белгілері: бойы 175 см, дене бітімі орташа.
Ерекше белгілері: оң қолының саусағында «Лена» деген татуировкасы бар, сол жақ бүйірінде пышақтан қалған тыртық бар, жүру кезінде оң аяғымен сәл ақсайды.
«Кез келген ақпарат болған жағдайда Осакаров ауданының полиция бөліміне хабарласуды сұраймыз: Осакаровка ауылы, Ә.Бөкейханов көшесі, 93 немесе 8-/72149/ 4-13-82, 8-701-489-39-90 немесе 102 телефондарына қоңырау шалыңыздар», — делінген хабарламада.