Теміртауда 6 жасар бала терезеден құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды

Фото: freepik.com

Бүгін таңертең Теміртауда қайғылы жаңдай болды. Алтыншы қабаттағы терезеден құлап кеткен алты жасар бала ауыр жарақаттар алып, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

31 шілде күні сағат 09:37-де 112 пультіне хабарлама келіп түсті. 2018 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Алынған жарақаттар салдарынан бала сол жерде көз жұмды.

Жыл басынан бері бұл қайғылы оқиға бойынша үшінші өлім жағдайы болып отыр. Жалпы, осы кезеңде Қарағанды облысында балалардың терезеден құлауының 18 оқиғасы тіркелген.