Ертіс өзеніне батып кете жаздаған ер адам құтқарылды
Бүгін Ертіс өзенінде жүзуге барған ер адам өлім аузынан қалды. Оны ағын алып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде көмек көрсетіп үлгерді.
«Абай облысының Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері патрульдеу кезінде суға батып бара жатқан адамды байқап, жағаға жеткізіп, оған жедел көмек көрсетті. Құтқарылған адам медициналық көмекке мұқтаж емес. Ер адамның өмірін сақтап қалған қаһармандардың есімдері – Константин Ульянов пен Архат Тілеуберлинов», - деп хабарлады ТЖМ.
ТЖМ азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады.
«Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылмаңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!» - деп қайта еске салды ТЖМ.