Пойыз апатынан 20-дан астам жолаушы зардап шекті
Ресей Федерациясының Волгоград облысында жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кетті. Жүк көлігі рельске шығып, кедергі келтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Машинист пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болды.
Елдің Төтенше жағдайлар министрлігі зардап шеккендер эвакуацияланғанын хабарлады. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп жатыр.
«Апат салдарын жоюға 320-дан астам адам мен 100 бірлік техника, екі Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды», - деп хабарлады РФ ТЖМ.
Елдің ТЖМ хабарлауынша, апат салдарынан 100-ге жуық адам зардап шегуі мүмкін.
ТАСС жазуынша, 20-дан астам жолаушы зардап шекті.