Зардап шеккендер жоқ
Абай облысы Ақсуат ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында өрт шығып, қызыл жалынның ауылға таралу қаупі туындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауладан шыққан тілсіз жау жүк көлігіне ауысып, ондағы 45 тонна шөп өртеніп кетті.
ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.