Зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр
Павлодарда автобус аялдамасының жанында бойжеткенді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Pavlodarnews.kz-тің жазуынша, зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр.
Куәгерлер оқиғаның күндіз «Қамқор» автобазарының маңында болғанын айтқан.
Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында мәлімдегендей, шақыру 17:17-де түсті. Төрт минуттан кейін дәрігерлер бригадасы оқиға орнында болды.
28 жастағы бойжеткен ауыр жағдайда №3 қалалық ауруханаға жеткізілді.