Құсмұрында белгісіз біреу әйелді бауыздап кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Оның күйеуі де жараланған

Фото: istockphoto.com

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылында 2024 жылдың 20 шілдесі күні әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ТоболИнфо» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.  

Дереккөзге сүйенсек, марқұмның күйеуі әйелінің жан дауысын естіп, далаға жүгіріп шыққан. Сол сәтте ол қансырап, есік алдында жатқан.

«Белгісіз біреу ер адамның желкесінен ұрып, оған да жарақат салған», - деп жазады агенттік.

Осы мәселе бойынша облыстың полиция басқармасынан қосымша ақпарат сұраттық.