Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді
Жетісу облысы Ақши ауылының маңында Алакөл көліне дельтаплан құлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Азаматтық авиация комитеті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
«Бүгін 25 шілде кешкі 17:15 кезінде Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында дельтаплан көлге апаттық жағдайда қонды. Екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп жатыр», - делінген комитет хабарламасында.
Ведомство аталған авиациялық апат бойынша тергеу жүргізілетінін мәлім етті.