Филиппиндегі су тасқыны құрбандарының саны 21 адамға жетті

Автор: Аягөз Құрмаш

Адамдар әртүрлі провинцияда қайтыс болды

Фото: istockphoto.com

«Гаеми» тайфунымен күшейтілген оңтүстік-батыс муссоннан туындаған нөсер жаңбыр, жаппай су тасқыны және көшкін құрбандарының саны 21-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция алдын ала есепте Манила мегаполисінде жеті адам, Кавите провинциясында үш адам, Батангас провинциясында бес адам және Рисал провинциясында үш адам қайтыс болғанын хабарлады. Сонымен қатар Булакан провинциясында бір адам, Пампанга провинциясында тағы екі адам қаза тапқан. 

Синьхуа хабарлағандай, адамдардың көбі суға батып, көшкін жүргеннен және ағаш құлағаннан қаза тапқан.