«20 жыл азаматтық некеде тұрдық»: Байжанов 4 баласы мен әйелін үйінен қуып шықпақшы (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Оның әйелі күйеуі сектаға кіргенін айтып отыр

Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желі арқылы Бибігүл Ақанова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, көмек сұрады. Олар Ақмола облысы Жарқайың ауданына қарасты Тасты-Талды ауылында тұрады,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін, 24 шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасағым келеді. Мен Бибігүл Ақанова 1976 жылы тудым, менің 4 балам бар. Күйеуіммен азаматтық некеде 20 жыл отастық. Балалардың тегі әкесінікі. Екеуміз бірге зәулім үй салдық. Ол сектаға түсіп, миы уланған. Ол үйді басқа біреудің атына аударған. Енді біз далада қалдық. Бүгін бізді шығарып жатыр. Жоғарғы сотттың шешімін күтіп отырмыз. Шешімнің уақытын 1-2 ай уақытқа шегерткім келген еді. Бірақ сот орындаушылары шешімді күткісі келмей отыр», - деді ол.

Автор жүктеген видеода көрініп тұрғандай, оның күйеуі белгісіз ер адамдармен бірге келіп, бала-шағасының үйден қуылғанын күтіп отырған. 

«Ерлан Байжанов туыстарын, асыранды баласын ертіп келіп, 4 баласын үйден қумақшы. Өзге балаларға қамқорлық көрсетіп, туған баласын өзегінен теуіп жатыр. Жүзіңді көрсет, ел көрсін», - дейді Бибігүл Ақанова.

Еске салсақ, осыған дейін Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы марат Әйтенов бұрынғы әйелі Дана Әтешова мен 3 баласын үйден күштеп қуып шыққан. Бұған дейін Әтешова өзінің бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің үстінен бірнеше рет шағымданған. Бұл оқиға бойынша күйеуі мен әйелінің үстінен қылмыстық іс қозғалған еді.